Лента новостей
0

Журналистерге үй беруге заңдағы қарама-қайшылық кедергі келтіруде – Д.Абаев

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.12.2016 18:25 Zakon.kz
Д.Абаев министрлік бұл мәселемен айналысып жатқанын, журналистерді баспанамен қамтудың бірнеше жолы қарастырылғанын атап өтті.
«Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистер қауымын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша заңда бір қарама-қайшылық бар екенін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Журналистерге үй беру мәселесін біз жан-жақты қарастырып жатырмыз. Бірақ заңда кішігірім қарама-қайшылық бар. Мәселен, мұғалімдер еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс істесе де, олардың барлығы бюджет қызметкері саналады. Ал журналистердің бір бөлігі мемлекеттік БАҚ-та, кейбірі жекеменшік салада жұмыс істейді. Олардың бәрін заң жағынан біріктіру қиындық тудырып отыр», - деді ол.

Д.Абаев министрлік бұл мәселемен айналысып жатқанын, журналистерді баспанамен қамтудың бірнеше жолы қарастырылғанын атап өтті.

Фото: Baq.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: