Павлодар облысында жаңа туған нәрестелер арасында гемангиома дерті артқан
Zakon.kz
Болашақ аналардың жүктіліктің 3-6 аптасында жіті респираторлық вирустық жұқпаға шалдығуы, дәрі-дәрмектер мен алкоголь тұтыну, темекі тарту, ана мен баладағы түрлі гормоналды бұзушылықтар, экологиялық жағдай, тұқым қуалаушылық және басқа да себептер әсер етеді.
Павлодар облысында соңғы кездері жаңа туған нәрестелер арасында гемангиома дерті жиілеген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттіктің жолдаған сауалына ұсынған жауабында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.
- Статистикалық деректерге сүйенсек, 2015 жылы облыстық балалар ауруханасына мұндай диагнозбен 32 нәресте, биылғы жылы 10 ай ішінде 52 сәби жатқызылған, - дейді Нұрлан Қасымов.
- Гемангиоманың неден пайда болатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, болашақ аналардың жүктіліктің 3-6 аптасында жіті респираторлық вирустық жұқпаға шалдығуы, дәрі-дәрмектер мен алкоголь тұтыну, темекі тарту, ана мен баладағы түрлі гормоналды бұзушылықтар, экологиялық жағдай, тұқым қуалаушылық және басқа да себептер әсер етеді. Айта кетерлігі, гемангиома жиі қатерсіз сипатта болады.
Алайда балалар есейіп, жиі жарақатқа ұшырағанда қатерсіз ісіктен қатерлі ісікке ауысуы 2 %-ды құрайды.
Ақбота Сейсенбаева
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript