Лента новостей
0

Еліміздегі ең жемқор орган анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.12.2016 16:52 Zakon.kz
Форум қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын қабылдады.
Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерлердің бизнесін шығынға батырып, қызметіне кедергі жасаса да, жауапкершіліктен құтылып кетеді. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне арналған форумында мәлімдеді, деп жазады astanatv.kz.

Оның айтуынша, 2015 жылы, сондай-ақ, осы жылдың тоғыз айында заңды кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасау дерегі бойынша 16 іс қозғалды. Оның қорытындысына сай айыптау үкімі екі адамға ғана шыққан. Форум қатысушылары сыбайлас жемқорлықты жеңе алмай отырғанын бірнеше рет қайталап айтумен болды. Ал экономикалық зерттеулер институты жүргізген сауалнама ең жемқор орган ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті анықтаған.

«Экономикалық зерттеулер институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, кәсіпкерлер пікірінше, жемқорлық жайлаған органдардың көшбасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұр. Осы салаға үлкен реформалар керек. Ал кейбір елдерде бұл құрылым түрі мүлде жоқ. Денсаулық сақтау бағыты да күрделі зерттеуді қажет етеді. Дәрі-дәрмек сатып алуға биыл 150 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал дәрілерді сатып алу жұмыстары бойынша ақпарат жабық. Сатып алулардың көбі қағаз түрінде өтеді», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және СЖҚІҚ агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев.

Форум қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын қабылдады.

Фото: www.qazaquni.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: