Лента новостей
0

Шымкентте шеберлік сабағынан өткен 56 дәрігерге сертификат табысталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.12.2016 18:32 Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл санап нәрестелер өлімі азайып келеді.
Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Оңтүстік Қазақстан облысымен бірлескен жобалары аясында бастаған шеберлік сабағын аяқтап, оқу курсынан өткен дәрігерлерге арнайы сертификаттарын табыстады. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Делегация құрамын бастап келген TIKA төрағасының орынбасары Мехмед Сурейа Эр, ең алдымен, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, шеберлік сабағының оң нәтижелі боларына сенім білдірді.

Оңтүстік Қазақстанға алғаш рет аяқ басқан мәртебелі мейман Мехмед Сурейа Эр аймақ басшысын 2017 жылы Түркістан қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтап, өзі қызмет ететін ұйымның алдағы уақыттарда Оңтүстікте іске асырғысы келетін туризм, білім беру салаларындағы жобалар ретімен бөлісті.

Мұнан соң, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен Мехмед Сурейа Эр облыстық балалар клиникалық ауруханасының халықаралық технологиялар орталығының базасында «Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шеберлік сабағына қатысқан 56 медицина қызметкеріне арнайы сертификат табыстап, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Еске салайық, 2-4 желтоқсан күндері Түркияның медицина саласындағы білікті дәрігерлері Дерья Буйуккайкан, Илке Мункан Акын және Айлин Ардагил Акчакая облыстағы 56 медицина қызметкеріне тәжірибе алмасу семинарын өткізген болатын. Атап айтқанда, облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметінің 36 дәрігері мен 20 орта медицина қызметкеріне – неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге теориялық және практикалық дәрістер өтті. Семинар нәтижесі бойынша емтихан тапсырған мамандардың 4-і жоғары балл жинап, тест сұрақтарына 90-100 пайызға дұрыс жауап берген.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл санап нәрестелер өлімі азайып келеді. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ә.Маймақовтың мәліметінше, өткен жылы өңірімізде 12 бала өлімі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11-ге төмендеген. Республикалық деңгейге шаққанда, былтыр аймағымыз бала өлімінің көптігі жөнінен елімізде үшінші орында болса, тиісті нәтижеге қол жеткізілгеннен кейін алтыншы орынға тұрақтады.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: