759 мемлекеттiк кәсiпорын қысқартылады
Zakon.kz
2016 жылы 111 объект сатылып, 9,5 млрд теңге қаржы түскен. Министрдiң айтуынша, сату сомасы бойынша бұл рекорд емес, бiрақ алдыңғы жылмен салыстырғанда сатылған объектiлердiң саны көбiрек.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың санын 11 пайызға қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгiн үкiмет отырысында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«7 мың мемлекеттiк кәсiпорын бойынша түгендеу жұмыстары жүргiзiлдi. Оның қорытындысы бойынша кәсiпорындардың санын 11 пайызға, яғни 759 кәсiпорынды қосымша қысқарту ұсынылады. Бұл мәселе бойынша толығырақ келесi отырыста баяндаймыз», - дедi Б.Сұлтанов.
Министр жекешелендiру аясында атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндады.
«Жекешелендiрудiң кешендi жоспары бойынша 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 350 объект сатылды. Сатылған нысандардан 88 млрд теңге қаржы түстi. Оның шамамен 72 пайызын «Самұрық-Қазына» объектiлерi құрайды. Олардан түскен сома 63 млрд теңге», - дедi Б.Сұлтанов.
2016 жылы 111 объект сатылып, 9,5 млрд теңге қаржы түскен. Министрдiң айтуынша, сату сомасы бойынша бұл рекорд емес, бiрақ алдыңғы жылмен салыстырғанда сатылған объектiлердiң саны көбiрек.
«Бұдан басқа, бүгiнгi күнi бағалау құны 183 млрд теңге болатын 193 объектiні сату жұмыстары әлi де жүргiзiлiп жатыр. Жалпы, жекешелендiрудiң екiншi толқыны басталғаннан берi сауда-саттыққа 552 нысан шығарылды. Бiрақ бекiтiлген жоспар бойынша биыл 614 объект шығарылуы қажет. Яғни, жылдың соңына дейiн 62 нысанды саудаға шығару жоспарланған. Оның 43-i осы уақытқа дейiн мүлдем сауда-саттыққа шығарылмай, кестеден қалып келе жатыр. Олардың көпшiлiгi квазимемлекеттiк сектордағы 35 объект болып отыр. Қалған 8-i – коммуналдық меншiк объектiлерi», - дедi ол.
Министр атап өткендей, сауда-саттық кестесiнен қалып қоюдың негiзгi себебi – нысанды сатуға дайындықтың уақытында жүргiзiлмеуi.
Авторы: Айымгүл Әбілева
Фото: www.inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript