Лента новостей
0

ТЖД өкілдері халықты пиротехникадан аса сақ болуға шақырады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.12.2016 20:43 Zakon.kz
Өткен жылы 37 адам осы жарылғыш заттардың кесірінен зардап шеккен.
Соңғы төрт жылда пиротехникалық заттардан Алматыда 319 адам жарақат алған. Әртүрлі дене жарақаттарын алғандардың арасында 102 бала жапа шеккен, деп жазады Алматы телеарнасы.

Пиротехникалық заттардың сатылымға шығып, олардан келетін зиянына қауіптенген қалалық ТЖД өкілдері халықты аса сақ болуға шақырып отыр. Сатылып жатқан пиротехникалардың басым бөлігі контрабандалық жолмен жеткізілген. Әрі көбі талапқа сай сақталып, арнайы орындарда сатылмайды. Бірақ соған қарамастан оны тәркілеп, тоқтатуға құзырлы органдардың қауқары жетпей отыр.

Былтыр жүздеген тонна жарылғыш заттардың сатылымға шыққанына қарамастан құқық қорғау органдарының өкілдері небәрі үш Газел көлігіне тиелген пиротехникаларды ғана тәркілеген екен.

«Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан жарылғыш заттарды тек арнайы рұқсаты бар дүкендерден сатып алуын және сақ болуын ескертеміз. Биыл осы уақытқа дейін Алматыда 57 адам пиротехникалардың кесірінен жарақат алса, олардың 21 бала. Ал өткен жылы 37 адам осы жарылғыш заттардың кесірінен зардап шеккен еді»,- деді Алматы қаласы ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекшісі, Мұрат Бекбаев.

Фото: www.np.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: