Астанада Бас прокуратураның жанында ашынған әйел өзін-өзі өртеп жіберді
Zakon.kz
Белгілі болғандай, сағат 12:00 шамасында арыз берушіні бас прокурордың көмекшісі қабылдаған. Жарты сағаттан кейін бұл кездесу аяқталады.
Оқыс оқиға бүгін сағат 13.00-де №2 бақылау-өткізу пунктінің жанында болған, деп жазды baq.kz, «NewTimes.kz» жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, әйелдің киімі өртенген. Оны біраз уақыттан кейін көмекке келген адамдар сөндіріп алыпты.
Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметтері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен әйелді №1 қалалық ауруханаға жатқызды. Дәрігерлер науқас жансақтау бөліміне түскенін хабарлады.
Куәгерлер әйел соттың шешімімен келіспегендіктен осындай қадамға барып, биліктің назарын өзіне аудартпақ болғанын айтуда. Оның баласын есірткі үшін соттап жіберген, алайда ана ұлын кінәсіз деп есептейді.
Белгілі болғандай, сағат 12:00 шамасында арыз берушіні бас прокурордың көмекшісі қабылдаған. Жарты сағаттан кейін бұл кездесу аяқталады. Әйел кабинеттен шығып, үстіне бензин құйып, от қойған.
Полицейлер әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript