Лента новостей
0

Шет елдердегі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларына шолу

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.12.2016 22:55 Zakon.kz
Көптеген экономикалық дамыған елдер ауылшаруашылығын әртүрлі субсидиялар, дотациялар мен жеңілдіктер арқылы қолдайтынын көруге болады.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығын дамытуға барлық жағдайлар бар, сондықтан да ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басты салалардың бірі болып табылады.

Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңінде елдің ауылшаруашылығында елеулі нәтижелерге қол жеткізілді: нарықтық қатынастар негізінде өндірістің тұрақты өсуі байқалады, еңбек өнімділігі артуда, саланың негізгі қорларын жаңарту және инфрақұрылымын қалпына келтіру жүргізілуде, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізілді, дәнді, майлы дақылдар, балық аулау өнімдері экспортының айтарлықтай өсуі орын алды.

Алайда, еліміздің ауылшаруашылығында әлі де болса, бірқатар кемшіліктер бар - саланың құрылымды-технологиялық жаңғырту қарқынының темен болуы, нарықтық инфрақұрылым дамуының қанағаттанғысыз деңгейі, ауылшаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы, саланың қаржылық тұрақсыздығы, саланы дамытуға жеткіліксіз жеке инвестициялардың кіруі, білікті кадрлардың тапшылығы және т.б.

Ауылшаруашылығы салаларын тұрақты дамуын қамтамасыз ету, отандық өнімдерінің ұлттық бәсекелес басымдықтарын дамыту мақсатында Қазақстанда бейімдеуге болатын шетелдік ауылшаруашылығын қолдау тәжірибесін зерттеу маңызды болып табылады.
Ауылшаруашылығы дамыған елдердің ауылшаруашылығы тәжірибесі саласындағы мемлекеттік саясат оны дамыту үшін өзекті фактор екендігін көрсетеді.

Әлемнің әр түрлі елдерінің ауылшаруашылығын қолдау тәжірибесін талдау көптеген елдердің субсидиялауды ауылшаруашылығы өндірісін қолдаудың түйінді құралы ретінде пайдаланатынын көрсетті. Алайда алдыңғы қатарлы ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттаушы елдер (Австралия, Жаңа Зеландия, Аргентина, Бразилия және т.б.) өндірушілерді тікелей субсидиялауды қолдамайды.

Дүнижүзілік сауда ұйымына мүше елдердің арасында ауылшаруашылығы дамыған Бразилиядағы ішкі қолдау жүйесі қызығушылық тудырады. Ауылшаруашылығындағы негізгі шығындар (60%-дан астам) «жасыл жәшік» бағдарламасын қаржыландыруға бағытталған. Оның көлемі 2005 жылдан 2013 жылға дейін 3 есеге артып, 6,2 млрд.АҚШ долларын құрады.

Негізінен «жасыл жәшік» шеңберінде 2005-2007 жылдары қаражаттың көп бөлігі институтционалдық аграрлық реформаларды қолдауға бағытталған. Сонымен бірге табысы аз халыққа азық-түліктік көмек көсретуге де қаржы бөлінді. 2007 жылдан бастап инстиутционалдық және инфрақұрылымдық реформаларды қаржыландыру күрт азайып, ғылыми зерттеулерге, мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздік мақсаттарына, кеңес беру қызметтеріне қаражат көлемі арттырылып отырды.

Бразилиядағы 2005 жылдан басталған қолдау жүйесі тек «жасыл жәшіктің ғана емес «кәріптас (янтарный) жәшіктің» де құрылымының өзгеруімен ерекшеленеді. 2005-2011 жылдары «кәріптас жәшіктің» бағдарламасын қаржыландыру арттырылды, дегенмен 2013 жылдан бастап сауданы бұрмалайтын субсидиялар минималды деңгейге (10 %) дейін жеткізілді.

Ауылшаруашылығы жақсы дамыған елдердің бірі Канада болып табылады. Канададағы ауылшаруашылығының өсуі мен ұзақмерзімді өркендеуі оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігіен байланысты.

Канаданың ауылшарушылығы айтарлықтай мемлекеттік қолдауға ие (жыл сайын 6-8 млрд.долл. шамасында), бірақ бұл Еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда біршама аз. Мұндай аз көрсеткіш «жабдықтауды басқару» деп аталатын сүтті, ірімшікті, жұмыртқаны және тауықты сатып алуға мемлекеттік монополияның ерекше канадалық жүйесінің болуымен түсіндіріледі. Арнайы құрылған мемлекеттік кәсіпорындар ішкі өндірісті бақылай отырып және 200%-ға дейін алымдар арқылы импортты шектей отырып, жететін нарықтағы осы тауарларға ұсынытарды реттейді. Мұндай жүйе Канадаға бір жағынан секторды тікелей субсидиялауды болдырмауға мүмкіндік береді, екінші жағынан – тұтынушыларға кері әсер етеді, себебі мемлекеттік реттеудің нәтижесінде Канададағы соңғы өнім бағасы басқа елдерге қарағанда 30 - 300% жоғары. Осылайша, сатып алушылар жоғары баға есебінен отандық өндірушілерді қолдайды.

Мемлекет тарапынан көп қолдау көрсететін елдердің бірі Норвегия болып табылады. Көптеген ауылшаруашылығы өнімдерінің өндірісі үкіметпен субсидияланады. Сонымен қатар, сектор кедендік тарифтер мөлшерлемесі арқылы шетелдік бәсекеден қорғалған, бұл елде әлемдік бағамен салыстырғанда өнімдерге жоғары бағаны ұстап тұруға және отандық фермерлік шаруашылықтардың жақсы табыс деңгейін қамтамасыз етеді.

Бағаны реттеу, импорттан қорғау сияқты шаралардан басқа Норвегияда тікелей қолдау да көрсетіледі, атап айтқанда:

- белігілі бір өнімдерді қолдау (мысалы, ауылшаруашылық өнімдеріне бағалық субсидиялар);
- өнімдік емес қолдау (мысалы, жер аумағының көлеміне байланысты өндірістік субсидиялар және қолдаудың әртүрлі әлеуметтік сызбалары);
- инвестициялық қолдаулар;
- зерттеулерді, білім беру мен қызмет көрсетуді қолдау.

Осылайша көптеген экономикалық дамыған елдер ауылшаруашылығын әртүрлі субсидиялар, дотациялар мен жеңілдіктер арқылы қолдайтынын көруге болады. Кейбір мемлекеттерде ауылшаруашылығына салынатын қаржылық салымдар оның өнімінің нарықтық құнынан 1,5-2 есе жоғары. Ауылшаруашылығын және азық-түлік өндірісін мемлекеттік қолдау қазіргі кезде олардың ірі экспорттаушысы болып табылатын елдерде (АҚШ, Канада, ЕО елдері) азық-түлік өндіруді күрт арттыруда басты рөл атқарды.

Қ.Т. Ахметжанова «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Фото: www.voxpopuli.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: