Лента новостей
0

Талдықорғанда тергеу абақтысына жабылған күдікті өзіне қол салып қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.12.2016 16:16 Zakon.kz
Марқұм Сарқанд ауданында жылқы шаруашылығымен айналысқан екен.
43 жастағы азамат осыдан бір апта бұрын әкесіне пышақ жұмсағаны үшін ұсталған екен. Алайда тергеу қапасына түскен бойда, терезені шағып, әйнекпен тамағын орып жіберген. Марқұмның өзін өзі өлтіргенін медициналық сараптама да растады. Тек оған туыстары сенбей отыр. Сондықтан қара жамылған отбасы мекеме қызметкерлерінің жазалануын талап етуде, деп жазады КТК телеарнасы.

Баласын жоқтаған Күлсін Темірбаеваның бір аптадан бері көз жасы құрғаған емес. 30-шы қараша күні ұлын өз әкесіне пышақ жұмсағаны үшін тәртіп сақшылары ұстап әкеткен екен. Алайда бір тәуліктен кейін Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысынан күдіктінің өлі денесі табылған. Түрме қызметкерлері Марат Темірбаевтың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлапты. Алайда 40 жыл бойы дәрігер болып істеген анасы сақшылардың бұл сөзіне сенер емес. Себебі, «ұлымның денесінде сау жер жоқ» дейді қара жамылған ана.

Күлсін Темірбаева, марқұмның анасы:

-Басында жарақат бар,отверткамен ұрғылаған.Сол жақ иығында соққының ізі бар. Қабырғасы сынған. Салбырап тұр, ішіне қарай.

Осылай деген ана ұлымды өлтіргендер жазасыз қалмауы тиіс дейді. Сондықтан тиісті орындарға шағым түсірген. Марқұмның туыстары тергеу абақтысының күзетшілерін де сотқа сүйремекші. Себебі олар көңіл айтудың орнына, өзімізге күш қолданды дейді.

Нұрқадиша Қабылова, марқұмның туысы:

-Өздері заң, өздері сот, өздері конституция. Мені күштеп сүйреді. Ойбайлап жерге жата қалғасын амалсыздан жіберді. Өзімді өлтіремін бастықтарыңды шақырыңдар дедім. Ел аманда, сотқа жеткізбей өлтіріп отырғандары сұмдық қой.

Қазір абақтыдағы адам өліміне қатысты тергеу басталды. Болжам бойынша, Марат Темірбаев тергеу қапасындағы терезені шағып, әйнегімен өз-өзін бауыздап тастаған. Мекеме медбикесі жарасын тігіп бергенімен, көп қан жоғалтқан күдікті қайтыс болыпты.

Жандос Ысқақов, Алматы облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

-Марат Темірбаевтың Алматы облысындағы ЛА 155/16 түзеу мекемесінде қайтыс болғаны рас. Қазір осы іс бойынша «өз өзіне қол салуға итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік қызметі салғырттық бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Марқұм Сарқанд ауданында жылқы шаруашылығымен айналысқан екен. Алайда өз әкесімен не үшін қырық пышақ болғаны белгісіз. Туыстары бұл туралы жақ ашпай отыр. Белгілісі, әкесі қатты жараланбапты. Қазір үйінде екен.

Авторы: Диас Нұрақын

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: