Ақтауда жас жігітті қаққан автокөлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп кетті
Zakon.kz
Куәгерлердің сөзінше, автокөлік сәл болмағанда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды да соға жаздаған.
Ақтаудағы 12 және 27 ықшамаудандар аралығында жол-көлік оқиғасы орын алды. Kia Cеrato автокөлігі жас жігітті қағып, оны бірнеше метр жерге дейін сүйреп кеткен. Бұл туралы stan.kz, lada.kz жазған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің сөзінше, автокөлік сәл болмағанда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды да соға жаздаған. Сосын жас жігітті қағып өтіп, оны бірнеше метрге дейін сүйреп кеткен.
“Автокөліктің алдыңғы бөлігі қатты бүлінді. Ал зардап шеккен ер адамды дәрігерлер шұғыл түрде алып кетті. Одан кейін жол полициясы келіп, адам қаққан көлік жүргізушісін өздерімен бірге алып кетті”, – дейді куәгерлер.
Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел медициналық көмек бөлімінің басшысы Нәдірқожа Мұсаевтың айтуынша, 25 жастағы жігіттің жағдайы ауыр. Ол ұзақ уақыт бойы травматикалық шок жағдайында қалып кеткен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
“Жарақаты ауыр. Оң жақ жіліншік сүйектері сынған, жамбас сүйегіне де зақым келген. Және омыртқасында да қиындықтар бар”, – деді дәрігер.
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript