Лента новостей
0

Атырау облысында қараусыз қалған ұңғымадан күндіз-түні мұнай ағып, айналаны ластап жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.12.2016 18:13 Zakon.kz
Енді осы жағдайды анықтап, экология департаментіне тиісті ұсыныстар берген табиғат қорғау прокурорлары аудандық әкімдікке төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтып отыр.
Құрманғазы аудандық әкімдігі таратқан мәліметке қарағанда, шикі мұнай 30 гектар жерді ластап, қоршаған ортаға 830 миллион теңгеден астам зиян келтірген, деп жазады КТК телеарнасы.

Бұл – Құрманғазы ауданындағы Күмісбике кен орны. Аталған кен орнын 2004 жылы қытайлық үлесі бар «Көлжан Ойл» компаниясы игере бастаған. Бірақ, бұл жер соңғы үш жылдан бері қараусыз қалыпты. «Көлжан Ойлдың» қоршаған ортаға келтірген зиянын есептеп, сотқа талап арыз берген Атырау облыстық экология департаменті мекемені жауапқа тарта алмай жүр екен. Өйткені кен орнындағы жұмыстарын белгісіз себеппен тоқтатқан компания басшылығы ізім-қайым жоқ болған. Жазылған ресми хатқа да, телефон қоңырауына да жауап бермейді. Енді осы жағдайды анықтап, экология департаментіне тиісті ұсыныстар берген табиғат қорғау прокурорлары аудандық әкімдікке төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айтып отыр.

Азат Қалиев, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

-Біз жергілікті жерде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс айттық. Тиісті мекеме қазір бұл ұңғымаларды бітеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Енді осы заңсыздық әбден жойылмайынша, бұл мәселені өз назарымызда ұстамақпыз.

Автор: Жанар Низамутдинова

Фото: stan.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: