Лента новостей
0

Солтүстік өңірлерде көмір тапшы

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 07.12.2016 21:05 Zakon.kz
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты отын тапшылығы байқалды. Бұл проблема әлеуметтік желілерде де қызу талқыға түсті.
Еліміздің бірнеше өңірінде көмір тапшылығы бар. Бұл мәселеге қатысты аймақтағы жағдай туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Сүйенов түсінік берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Басқарма басшысының орынбасары Бақыт Сүйеновтің айтуынша, аталмыш проблема жүк вагондарының жетіспеушілігінен туындаған.

«Желтоқсан айында үш маршрут бойынша көмір тасымалы жүргізілген жоқ. Әр бағыт 66 вагоннан тұрады. Әр жүктің салмағы – шамамен 4,5 мың тонна. Біз "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясымен жұмыс істейміз. Осындай жағдай Қазақстанның өзге аймақтарында да байқалады», – деді Бақыт Сүйенов.

Аталған мекеме мәселені жіті бақылап отыр. Облыстың электр станцияларына қатты отын уақытында жеткізілуде. Өзге өңірлерге қарағанда күрделі мәселе байқалмайды.

Бақыт Сүйеновтің айтуынша, Павлодар облысында көмір тасымалдауда айтарлықтай қиындық жоқ. Бірақ, басқа өңірлерде жағдай қиын.

«Павлодар облысындағы кеншілердің арқасында аса қиындық байқалмайды. Басқа облыстарда проблема бар. Өткен аптада Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында Солтүстік Қазақстан және өзге өңірлер көмір тапшылығы мәселесін көтерді», – деді ол.

Бұған дейін хабарлағандай, еліміздің бірқатар өңірінде қатты отын тапшылығы байқалды. Бұл проблема әлеуметтік желілерде де қызу талқыға түсті.

Фото: www.segodnya.ua
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: