Астанада заңсыз жалға берілетін 4 мың пәтер анықталды
Zakon.kz
Қазір полиция қызметкерлерімен бірге студенттер, мемлекеттік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының ардагерлері тығыз байланыста жұмыс істейді.
Елордамыздың учаскелік инспекторлары жүргізген тексеріс нәтижесінде биыл бюджетке 30 млн теңге табыс түсті. Тәртіп сақшылары ұйымдастырған шара аясында заңсыз жалға берілетін 4 мың пәтер анықталды, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұл туралы қалалық полиция қызметінің басшысы шаһар тұрғындарына есеп беру барысында хабарлады. Оның айтуынша, биыл тәртіп сақшылары қала төңірегінде 300-ге жуық тексеріс өткізіп, 10 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қазір азаматтардың полицияға сенімі артқан. Мәселен, 1 жарым мың адамның жіберген хабарламасы арқылы 3 мыңнан астам заң бұзу дерегі белгілі болды. Бақытжан Малыбаев, қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы: - Баспанасын заңсыз жалға берушілерді анықтау үшін бізге пәтер иелері кооперативтері мен үй тұрғындарының көмегі қажет.
Егер халық белсенді болып, бізге дер кезінде тәртіп бұзушылықтар жөнінде хабарлап отырса, біз де оларды тыюға барымызды саламыз. Қазір полиция қызметкерлерімен бірге студенттер, мемлекеттік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының ардагерлері тығыз байланыста жұмыс істейді.
Фото: Arnapress.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript