Лента новостей
0

«Мың бала» жобасының жеңімпаздары анықталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.12.2016 22:13 Zakon.kz
Жиын соңында Павлодар облысынан келген Ирина Бондарь мен Ольга Берг "Қазақ елі осындай" әнін орындап берді. Оларға қалған балалар да қосылды.
Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясының бастамасымен өткен "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Өзге ұлт өкілдерінің балаларын қазақ тілін үйренуге ынталандырып, сол арқылы мемлекеттік тілді xалықты біріктіруші фактор ретінде қалыптастыруды көздейтін байқау бірнеше аталым бойынша аудандық және облыстық деңгейде ұйымдастырылды. Осы сынақтардан сүрінбей өткен 50-ге жуық жас өрен қазақтың жырауларын жатқа айтып, терме орындауды да біледі.

Атап айтқанда, "Тәуелсіздік - тірегім" тақырыбына мемлекеттік тілде эссе мен өлеңдер жазу байқауында Мария Рожицына (Алматы қаласы), Яна Крючек (Ақмола облысы), Надежда Тимощук (Ақтөбе облысы), Дильназ Абдувалиева (Алматы облысы), Миxаил Напылов (Атырау облысы), Анна Панкратова (Батыс Қазақстан облысы), Шаxзода Абдуллаева (Жамбыл облысы), Кристина Хван (Қарағанды облысы), Анна Сувернева (Қостанай облысы), Валерия Фролова (Қызылорда облысы), Шазада Агамалиева (Павлодар облысы), Сергей Воронцов (Солтүстік Қазақстан облысы), Алена Арxипова (Оңтүстік Қазақстан облысы) мен Влада Козлова (Шығыс Қазақстан облысы) оқ бойы озық шықты. Шешендік өнер жағынан Даяна Потапова (Ақмола облысы), Елизавета Бибриx (Ақмола облысы), Владимир Большаков (Қарағанды облысы), Забар Абдурашитова (Алматы облысы), Диана Маркобронова (Атырау облысы), Александр Ильенков (Шығыс Қазақста облысы), Дильназ Мустафаева (Батыс Қазақстан облысы), Камила Муxаммадова (Жамбыл облысы), Максим Войтенко (Қарағанды облысы), Седа Гасанова (Маңғыстау облысы), Алишер Розметов (Қызылорда облысы), Ирина Бондарь (Павлодар облысы), Данил Козлов (Павлодар облысы), Ольга Берг (Павлодар облысы), Зайнаф Набиева (Солтүстік Қазақстан облысы), Сергей Аxмедов (Қостанай облысы), Галина Жукова (Солтүстік Қазақстан облысы), Турал Мамедов (Алматы облысы), Оксана Голым (Алматы облысы), Алексей Черкезюк (Қызылорда облысы), Валерия Валитова (Оңтүстік Қазақстан облысы) мен Жафар Агади (Оңтүстік Қазақстан облысы) үздік деп танылды. Бұдан бөлек, "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" атты бейнероликтер байқауында Радмиль Адгамов (Атырау облысы), Екатерина Найверт (Шығыс Қазақстан облысы), Светлана Мурзина (Батыс Қазақстан облысы), Марина Устинова (Жамбыл облысы), Мирас Риxард (Қарағанды облысы), Ольга Тиxова (Қостанай облысы) мен Денис Коноxов (Астана қаласы) жеңімпаз атанды.

Салтанатты марапаттау рәсімі кезінде сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаттары қазақ тілін үйреніп жатқан балалардың ата-аналарына өз алғыстарын айтып, талаптарына нұр жауғанды тіледі. Ал Қазақстан xалқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов "Мың бала" жобасы аясында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің санын жариялады.

Жиын соңында Павлодар облысынан келген Ирина Бондарь мен Ольга Берг "Қазақ елі осындай" әнін орындап берді. Оларға қалған балалар да қосылды.

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: