Қазақстан имамдары Түркияда білімін жетілдіреді
Zakon.kz
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Түркия Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасына қарасты «ISLAM» Ислам зерттеулерінің орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды.
Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын 6-7 желтоқсан аралығында Түркияға іссапармен барып, Түркия Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасының басшысы Мехмет Гөрмезбен және Қорлар істері жөніндегі бас директоратының жетекшісі Аднан Ертеммен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Бұл туралы egemen.kz жазды.
Кездесуде мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара әрекеттестігі, діни бірлестіктер мен қорлардың қызметін реттеу жөніндегі мәселелері талқыланып, діни экстремизм және тұрғындар арасына іріткі салатын идеялардың таралуына жол бермеу тақырыбы бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, діни саладағы ынтымақтастықты жалғастыру жайлы, оның ішінде қазақстандық имамдардың Түркияның жетекші теологиялық оқу орындарында біліктіліктерін арттыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Іссапар барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Түркия Премьер-Министрінің Кеңсесі жанындағы Дін істері басқармасына қарасты «ISLAM» Ислам зерттеулерінің орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Фото: egemen.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript