Ақтауда екі баланың өліміне кім кінәлі екені әлі күнге дейін анықталмай жатыр
Zakon.kz
Екі баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл наурыз айында болған. Бір үйден бірден алты адам уланып түгелдей ауруханаға түскен еді.
Санитарлар әу бастан-ақ алты жастағы Мәриям мен төрт жастағы Мүсілім қандаланың уынан ажал құшуы мүмкін деп болжаған еді. Алайда сегіз ай өтсе де, бұл болжам не расталмай, не жоққа да шығарылмай отыр, деп жазады КТК телеарнасы.
Екі баланың өмірін жалмаған қайғылы оқиға биыл наурыз айында болған. Бір үйден бірден алты адам уланып түгелдей ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер төртеуін сонда жатқызып, Мәриям мен Мүсілімді үйлеріне қайтарған. Бірнеше сағаттан соң олардың халі күрт нашарлап шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Алайда, науқастар көп ұзамай жан тапсырды. Бүлдіршіндердің қазасына жақындары дәрігерлерді кінәлған еді. Ал, санитарлар Мәриям мен Мүслім зиянды жәндіктерге қарсы қолданылған дәрінің иісінен улануы мүмкін деген ұйғарым жасаған. Яғни көршілері үйді қандаладан тазарту үшін хлор мен сірке суын қосып, заласыздандырған көрінеді. Демек, кінәлі солар дейді. Бірақ прокурорлар бұл оқиғаға кінәлілерді әлі анықтай алмай отыр.
Марат Тойжан, Ақтау қаласының прокуроры:
-Сараптама нақты қорытынды ұсына алмай отыр. Сондықтан тергеу органдары процесті ұзатып жіберді. Әлбетте аз уақыт өткен жоқ, бұл оқиға наурыз айында болған. Қазір бұл істе күдікті немесе кінәлілер туралы айту ерте. Енді сәл-сәл шыдап, шыдамдылық таныту керек.
Фото: e-news.su
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript