Өскеменде бүтін бір отбасы өрттен көз жұмды
Zakon.kz
Жалын 80 м2 аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны қазір анықталып жатыр.
Өскеменде тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үш адам қаза тапты. Тілсіз жаудан көз жұмғандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Тек бір әйел ғана аман қалған, деп хабарлайды Baq.kz.
«Өрт түнгі сағат екіде тұтанған. Октябрьская көшесінде орналасқан тұрғын үйден өрт шыққан. Куәгерлердің шақыртуымен оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер дәліз бен бір бөлменің жанып жатқанын көреді. Өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау бүкіл үйді шарпыған», - деп мәлімдеді Өскемен ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Жалынды сөндірумен қатар өрт сөндірушілер үйді тексеріп шыққан. Оқиға орнынан 7 жасар қыз бен екі ер адамның денесі табылды. Қазір олардың кім екені анықталу үстінде.
Ал 32 жастағы әйел, қаза тапқан қыздың анасы жедел жәрдеммен қалалық ауруханаға жеткізілді.
Жалын 80 м2 аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны қазір анықталып жатыр: әдейі өрт қою, электр жабдықтары мен пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау секілді бірнеше нұсқа қарастырылуда.
Фото: www.vgomele.by
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript