Маңғыстауда биылғы жылы 200 оқушы қыз жүкті болып қалған
Zakon.kz
Алдағы уақытта Мұнайлы, Қарақия және Маңғыстау аудандарында ерте жүктілік туралы профилактикалық жобалар қолға алынбақ. Бойжеткен қыздармен акушер-гинекологтар жұмыс істейді.
Маңғыстауда жыл басынан бері кәмелетке толмаған 200 қыз жүкті болып қалған. Дәл қазіргі кезде олардың 98-і ана атанып үлгеріпті. Бұл туралы stan.kz, lada.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Жүкті болып қалған қыздардың ең кішісі 15 жаста. Облыстық бас педиатры Нұрсұлу Мұхамбетиярованың айтуынша, жүкті болып қалған қыздардың басым көпшілігі ауылдық аймақтардың тұрғындары екен.
“Ауылдағы оқушы қыздар арасынан 128 жағдай, қаладағы қыздар арасынан 72 жағдай тіркелді. Олар 1998-2001 жыл аралығындағы бойжеткендер. 2015 жылы 204 жасөспірім қыз есепке алынып, 15 түсік жасату дерегі тіркелген”, – дейді Нұрсұлу Мұхамбетиярова.
Н. есімді қыз Ақтауға басқа қаладан келген. Туыстарының үйінде тұрып, колледжде оқыған. Сөйтіп, 17 жасында жігітінен екіқабат болып қалады. Ал жігіт болса қызбен бірге тұрудан бас тартады. Кімге айтарын білмеген қыз, психологиялық көмек қызметіне хабарласқан.
“Онымен біздің психологтар жұмыс істеді. Аборттың кейін денсаулығына кері әсер тигізетінін түсіндірді. Әйелдерге кеңес орталығына есепке алды. Қыз сау баланы өмірге әкелгеннен кейін, біз қыздың ата-анасын шақырттық. Қыздың әрі қарай оқуын жалғастыруы үшін, баланы алып кетті. Қазір ол жастар денсаулық орталығында ерікті болып жұмыс істеп жатыр. Кәмелетке толмаған қыздар, жүктілік туралы толыққанды ақпарат білмегеннен кейін осындай жағдайға ұрынып жатады”, – дейді бас педиатр.
Алдағы уақытта Мұнайлы, Қарақия және Маңғыстау аудандарында ерте жүктілік туралы профилактикалық жобалар қолға алынбақ. Бойжеткен қыздармен акушер-гинекологтар жұмыс істейді.
Маңғыстау облысы бойынша психологиялық көмек алу үшін мына нөмірге хабаласуға болады: 8 8000 804454 (қоңырау шалу тегін).
Фото: stan.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript