Лента новостей
0

ҚР Қорғаныс министрі Ақтаудағы алғашқы әскери пирсті ашты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 09.12.2016 23:20 Zakon.kz
Жеткілікті инфрақұрылымы бар жеке пирстің құрылуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін техникалық әзірлікте ұстау, қойылған тапсырмаларды шешу кезінде қысқа мерзімде олардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру үшін аса маңызды жағдай болып табылады
Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің орналасуы үшін пирстің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Корабльдердің жеке орналасу пунктінің болуы Каспий теңізінің қазақстандық секторында ықтимал қауіп-қатерлерге тиімді және уақтылы ден қоюға, жеткізіп беруді уақтылы ұйымдастыруға және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің барлық түрлерімен қамтамасыз етуге, корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуын жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пирс бірден оннан аса корабльдің тұрақтау мүмкіншілігімен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағында орналасқан. «Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық армияның материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше көңіл бөледі. Әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайын жақсарту мақсатында стратегиялық тұрғыда маңызды нысандар пайдалануға беріліп, әскери қалашықтар мен гарнизондардың әлеуметтік инфрақұрылымы жетілдірілуде.

Жеткілікті инфрақұрылымы бар жеке пирстің құрылуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін техникалық әзірлікте ұстау, қойылған тапсырмаларды шешу кезінде қысқа мерзімде олардың жауынгерлік қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіру үшін аса маңызды жағдай болып табылады», - деп ҚР Қорғаныс министрі атап өтті. Одан басқа, Ақтау гарнизонына жұмыс сапары шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі батыс бағытында әскерлердің өзіндік жеткілікті топтамасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық құралдарға арналған сақтау орындарын қамтитын батыс бағытындағы Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасының құрылыс барысымен егжей-тегжейлі танысты.

Фото: www.mod.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: