Лента новостей
0

Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының заңсыз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.12.2016 19:26 Zakon.kz
Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шаралар ұсынылды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаны заңсыз көтеру оқиғаларын болдырмау туралы тапсырма берді, деп жазады zakon.kz primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

«Бағаның көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов – АА), нарыққа қатысушылардың сөйлеген сөздерін ескерумен олардың пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады. Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаның болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заңнама аясындағы құралдарды ескерумен, оның жолын кесуіміз керек», - деді Б. Сағынтаев.

Еске салайық, Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Мәселен, бөлшек және көтерме саудада әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті үстеме бағаның көлемін заңды түрде бекіту, сонымен қатар халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағалардың «ұсынылатын» бағаларға сәйкессіздігін анықтауға белсенді тарту ұсынылды. Сонымен қатар, аймақтардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорларының қазіргі жұмыс тәртібін жеңілдету ұсынылды.

Фото: Altaynews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: