Лента новостей
0

6 жылда 1216 «ЭКО-сәби» дүниеге келген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 12.12.2016 20:10 Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мемлекет 821 бағдарламаға қаражат бөлді.
2010 жылдан бастап Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 3981 экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламалары қаржыландырылды. Қазақстанда бюджеттің қаржыландыруы нәтижесінде 2010-2016 жылдары 1216 бала өмірге келді, деп хабарлайды Baq.kz.

Біздің елімізде қосымша репродуктивтік технологиялар 1995 жылдан бастап енгізіле бастады. Адам репродукциясы қалалық орталығындаелімізде алғаш рет ЭҚҰ зертханасы ашылғаннан бастап енгізіле бастады. Бір жылдан соң «шыны түтіктен» тұңғыш бала туылды. Бүгінде Қазақстанда 22 ЭКҰ орталық жұмыс істейді, оның ішінде 17-і жеке меншік нысанда.

ҚРТ әдістерімен елімізде 50 мыңнан астам ерлі-зайыптылар емделді. Емделу тиімділігі 15%-дан 43%-ға дейін өсті. Бала туылуы дерегімен расталатын емделу тиімділігінің көрсеткіші (take baby home) 29%-ды құрайды, бұл орташа еуропалық көрсеткішке сай. Бедеулікке шалдыққан отбасыларда 12 мыңнан астам бала дүниеге келді.

2010 жылдан бастап ЭҚҰ бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен қаражат бөліне бастады. ҚРТ-ны қолдануды қажет ететін ерлі-қайыптылар ТМККК аясында үздік нәтижелі және тәжірибесі мол 2 мемлекеттік, 3 жекеменшік клиникаларда медициналық көмек алуда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл мемлекет 821 бағдарламаға қаражат бөлді.

Қазақстанда әлемде кездесетін әр түрлі формадағы бедеуліктің түрлерін емдеудің тәсілдері сәтті енгізілді. Эндовидеохирургия, диагностикалау мен емдеудің гормональдық тәсілдері, андрология, медициналық генетика, эмбриология дамуда, жаңа қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттар тіркелуде.

Сондай-ақ, Қазақстанда алғаш рет Репродуктивті медицина институтында Жапония мамандарымен бірлесіп отырып, онкологиялық ауруларға шалдыққан әйелдерге репродуктивтік функцияларын, дүниеге бала әкелу қабілетін сақтау мақсатында және емделуден кейін бала тууға мүмкіндік беретін аналық без тінін криоконсервациялау тәсілі енгізілді.

Фото: news.mail.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: