Лента новостей
0

Қарағанды тұрғындары қаржы пирамидасына 2 миллиард теңге салып жіберген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.12.2016 16:42 Zakon.kz
Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары қаржы пирамидасына 2 миллиардтан аса теңгесін өз қолдарымен апарып берген.
Қарағандыда қаржы пирамидасына алданғандардың нақты саны белгілі болды. Алаяқтық жоспармен құрылған «Оптовка» серіктестігіне 5 жарым мың адамның ақша салып жібергені анықталып отыр, деп хабарлайды КТК.

«Оптовканың» басшысы Елена Колесникова ең кемі 50 мың теңге әкелген адамға аптасына 7 мың теңге үстеме ақы беріп отырыпты. Оңай олжаға құныққандар осыдан кейін оған қаражат әкелуді үдете берген. 6-ақ ай жұмыс істеген фирманың басшысы ұсталар алдында есеп-шотқа 1 миллиард теңгеден аса қаражат түскен екен.

Салымшылар Колесникова ұсталғанда, оны босатуды талап етіп, шу көтерген болатын. Ол бостандықта жүрсе қаражат еселеп қайтатынына сенетіндер әлі де бар. Дегенмен прокуратура ел өткізген 2 миллиард теңгенің 600 миллионының ғана жұртқа қайтқанын айтады.

Ал шотында қалғаны бар-жоғы 120 миллион теңге. Қалғанын пирамида басшысы шетел асырып жіберген сыңайлы. Өйткені, бала-шағасы да қазір Еуропа елдерінде жүр. Әзірге қаражаттан қағылғанын жаңа сезген 234 салымшы ғана алдандық деп арыз түсіріпті.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: