Лента новостей
0

Алматыда екі ер кісі электрші кейпінде зейнеткерлерді алдап келген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.12.2016 18:49 Zakon.kz
Зардап шегушілердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды полицияда.
Ұсталғандар қарт кісілерден электр есептеуіш құралының сәйкессіздігі, жасанды акт үшін ақша бопсалаған. Бұл туралы stan.kz, Sputnik жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Медеу ауданының полицейлері тек қарт кісілерді алдап келген 23 және 24 жастағы екі жігітті ұстаған, деп хабарлады Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. “Қаскөйлердің бірінші құрбаны “Горный Гигант” ықшамауданының 70 жастағы тұрғыны болған, ол өздерін электршіміз деп таныстырған екі адамды үйіне кіргізген.

Сонымен қатар, зейнеткер оларға сөзсіз сеніп, құжаттарын да тексермеген. Жалған электршілер құрылғыны тексеріп болғаннан кейін үй иесіне қатаң заңбұзушылық болғанын айтып, ірі көлемде айыппұл салынатынын мәлімдейді. Сол мезетте құжаттар толтырып, зейнеткерден 20 мың теңге сұрайды. Әзірге тергеуге осындай екі жағдай ғана белгілі”, — деді Медеу аудандық ІІБ полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Зардап шегушілердің көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды полицияда. Сондай-ақ, қазіргі уақытта екі күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Зардап шеккендер мына нөмірлерге хабарласа алады: 254-48-00 және 254-48-01.

Фото: stan.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: