Лента новостей
0

Қызылорда облысында балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.12.2016 16:23 Zakon.kz
Бұл қайғылы жағдай Жөлекбаевтар жанұясының қабырғасын қайыстырды. Ойнап жүрген төрт жасар дені сау бүлдіршінімізді әдеттегідей таңертең балабалқаға апардық дейді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындадағы балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды. Ал оның туыстары құпия жағдайда шетінеп кеткен бүлдіршіннің өліміне не себеп болғанын нақты біле алмай жүргендерін айтады. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Бұл қайғылы жағдай Жөлекбаевтар жанұясының қабырғасын қайыстырды. Ойнап жүрген төрт жасар дені сау бүлдіршінімізді әдеттегідей таңертең балабалқаға апардық дейді. Ал бірер сағаттан соң жақындарына суық хабар келген. Осы кезге дейін бірде- бір рет ауырып көрмеген қызымыз Назерке Садықтың, балабақшада қайтыс болғанына әлі де сене алмай жүрміз дейді бүлдіршіннің туыстары.
Ұлтуар Омарова, Назеркенің әжесі:

- Глав врач келіп, ішіне кіріп шықты реанимацияға. Реанимациядан шыққан соң ол кісі бөлек бөлмеге кіргізіп, бізге көз жұмағанын айтты. Бұл жерге келгенде тірі емес қыз. Балабақшада қайтыс болған деді. 2 сағат бұрын кеткен деді.
Бұдан бөлек бұл жағдайға байланысты тағайындалған сот медициналық сараптамасы осы кезге дейін ауырмаған қызымызға түрлі ауруға шалдыққан деген жалған қорытынды берді деп ашынады бүлдіршіннің туыстары. Ал «Кәусар» балабақшасының қызметкерлері тілшілерге сұхбат бермек түгілі, түсірілім тобын кіргізбей, балабақшаның есігін ішінен құлыптап алды.
Алайда төрт жастағы бүлдіршіннің жұмбақ өліміне байланысты бүгінде ішкі істер бөліміндегілер тергеу жұмыстарын бастапты.
Дәулетхан Бәйменов, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы:

-Бала өлімі дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізіліп,тергеу амалдары жүргізілуде.Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болмақ. Ал қапыда қыздарынан айырылып, қара жамылып отырған отбасы еліміздегі жеке балабақшаларға қатаң бақылау болса екен, - дейді.
Авторы: Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов

Фото: baq.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: