Мұхтар Құл-Мұхаммед Тәуелсіз Қазақстанның ең басты жетістіктерінің бірін атады
Zakon.kz
Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Тәуелсіздік жылдары еркін ойлы, азат тұлғалы, Сіздің жаңашыл реформаларыңызды батыл қолдайтын қайтпас қайсар, жігерлі, жаңа ұрпақ қалыптасты.
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары сөз сөйледі.
Мемлекет басшысының арқасында еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Тәуелсіздік жылдары еркін ойлы, азат тұлғалы, Сіздің жаңашыл реформаларыңызды батыл қолдайтын қайтпас қайсар, жігерлі, жаңа ұрпақ қалыптасты. Ел тәуелсіздігінің ең басты жетістіктерінің бірі осы деп білемін», – деді.
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript