Лента новостей
0

Шымкенттік тұрғындар зираттың басына тас қоюға қорқатын болған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 15.12.2016 23:26 Zakon.kz
Вандалшылар бұрын да болған. Түсті металл мен тақтайшалар ұрлаушы еді. Мрамордың сапасына қарап әрі жұлу оңай болғандықтан, ұрлап жатқан болар.
Шымкентте тұрғындар зираттардың басына тас қоюға қорқатын болған. Өйткені марқұмдардың басына қойылған қара гранит пен мәрмәр тастарынан жасалынған ескерткіштері соңғы кездері жиі ұрлана бастаған, деп жазады 31 арна.
Шымкентте "Қайтпас" аталып кеткен мазараттан қара түсті гранит тастары қолды бола бастапты. Отан соғысында ерлік көрсетіп, кейін өмірден өткен әкесіне қойылған қара гранит тастарының жоғалғанын көрген Галина Дюшкова қасиетті орында ойран салғандарға айтар сөзім жоқ деп қынжылып отыр. Соңғы күндері көңілі қобалжи берген соң, мазаратқа келуді жөн санаған. Алайда келгендегі көріністен шошынып қалдым - дейді.
Галина Дюшкова, шағымданушы:
- Кеше таңертең осында келдік. Көргенде жанымыз түршікті. Әкем бірнеше күн түсіме кіріп жүрген еді. Бекер емес екен.
Мазар басына келушілер жағы болса, түсті металл ұрлаушылардың енді тастарға көше бастағанына таңырқап отыр.
Максим, Тұрғын:

- Вандалшылар бұрын да болған. Түсті металл мен тақтайшалар ұрлаушы еді. Мрамордың сапасына қарап әрі жұлу оңай болғандықтан, ұрлап жатқан болар.
Артынша оқиға басына полицейлер де келіпті. Алайда шағымын тыңдап, жазбаша арызын алған олардан әзірге хабар жоқ дейді. Облыстық Ішкі істер департаментіне хат жіберіп, баспасөз қызметіне бірнеше хабарлассақ та, тәулік бойына хабар алу бізге де мүмкін болмады. Қара гранит пен мәрмәрдан мүсін жасайтын орындағылар зират бастарынан ұрланған тастарды арзан бағада өзге мазараттағы жұмысшыларға өткізеді дейді.
Ерлан Қуандықов, Ержан Сейдәзімов

Фото: vistanews.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: