Атырауда далада түнеп жүрген мүгедек әйелге үй берілді
Zakon.kz
Жаңа пәтерде әйел емін-еркін жүріп тұра алады.
Жатақхана қирап қалғаннан кейін далада қалған бірінші топтағы мүгедек Жамал Бисенғалиева баспаналы болды. Бұл туралы stan.kz, “Мой Город” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін мүгедек әйелдің өз құқығын қорғай алмай жүргені айтылған еді. Оған себеп көпқабатты үйдің кіреберісінде арнайы пандустың болмауы. Осыған байланысты ол өзіне берілген Нұрсая ықшамауданындағы үйден бас тартқан.
“Қарашаның аяғында мені қала әкімі Серік Шәпкенов қабылдап, желтоқсан айында жаңа үй берілетінін айтты. Осылайша маған жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады”, – деді ол.
Жаңа пәтерде әйел емін-еркін жүріп тұра алады. Баспананың көлемі 35 шаршы метр.
Фото: Mail.KZ
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript