Биыл Қазақстан экономикасының негізгі салаларының өсімі байқалды
Zakon.kz
Жалпы еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі 4,5%-ды құрады, бұл өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 5,9%-ға артуы есебінен мүмкін болды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экономиканың негізгі салаларының даму нәтижелері қарастырылуда. ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнімді шығару өсіміне 11 аймақта қол жеткізілгенін атап өтті, ал өткен жылдың осы кезеңінде мұндай өсім 8 аймақта байқалған еді. Өсімнің жоғарғы қарқыны Шығыс Қазақстан облысында - 4,9%, Қарағанды облысында - 4,8%, Ақмола облысында - 4,2% байқалды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұдан басқа, жалпы еліміз бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі 4,5%-ды құрады, бұл өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 5,9%-ға артуы есебінен мүмкін болды. Мал шаруашылығы өнімін шығару 2,6%-ға артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысы және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру есебінен 7,5%-ға артты. Құрылыс көлемінің артуы 8 аймақта байқалды. Аса жоғары құрылыс қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында байқалды.
Фото: 7kun.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript