Лента новостей
0

Бес жылда жемқорлықтың кесірінен 70 млрд. теңге Қазақстаннан шығарылған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 20.12.2016 20:02 Zakon.kz
Соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарынан Қазақстаннан 70 млрд. теңгеден астам қаржы шығарылды. Осы қылмысқа қатысты 47 адамға халықаралық іздеу жарияланып, 28-і табылды.
Бес жылда жемқорлар Қазақстаннан 70 млрд. теңгені сыртқа шығарған. Бұл туралы Астанада ЭЫДҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісі құқық қорғау органдарының жетінші отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы бес жылда сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарынан Қазақстаннан 70 млрд. теңгеден астам қаржы шығарылды. Осы қылмысқа қатысты 47 адамға халықаралық іздеу жарияланып, 28-і табылып, Қазақстанға экстрадицияланды. Осы ретте бүгінгі отырысқа қатысып отырған бірқатар әріптестеріме алғысымды айтқым келеді. Олар құқықтық көмек аясында қылмыскерлерді елімізге экстрадициялауға қолдау жасады»,-деді Шпекбаев.

Бұдан бөлек ол отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша Бас прокуратура мен агенттік тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Кеткен шығын бар (70 млрд. теңге), бүгінде оның 20 пайызының орны толтырылды. Кетіп қалғандарға қатысты алдағы уақытта қайтару жұмыстары мен тиісті экстрадициялау шаралары іске асырылуда. Атап айтқанда, заңсыз аударымдар мен осы жолмен шетелде сатып алынған мүлікке тыйым салу шарасы қолданылып, сәйкесінше бұл қаржы Қазақстанға қайтарылады»,- деді Шпекбаев.

Фото: www.zannews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: