Келер жылы жеке тұрғын үй құрылысына 30 млрд теңге бөлінеді
Zakon.kz
Биыл елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,5 пайызға артқаны айтылды.
Келер жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы жеке тұрғын үйлер салына бастайды. Ол үшін бюджеттен 30 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл ретте баспаналар бірыңғай сәулеттік үлгімен бой көтеруі тиіс. Оған қажетті құрылыс материалдары қазақстандық өндіріс орындарынан сатып алынады, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама жуық арада бекітіледі. Айта кетейік, жеке тұрғын үйлердің жалпы аумағы 100-150 шаршы метрді құрамақ. Пилоттық жоба бойынша, олардың бағасы қолжетімді болып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге алуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ бағдарламаның өзге де бағыттары бойынша ипотекалық несиелерге берілетін субсидия көлемін артып, жеке жер телімдеріне инфрақұрылым тартылады.
Қуандық Бишімбаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- Біздің жоспарымыз бойынша бюджеттен беріліп жатқан субсидия ипотекалық кредиттердің көлемін 18-20 пайызға дейін арттырады. Әрине, ол тұрғын үй құрылысы оң әсерін сезетін болады. Өйткені жеңілдетілген несиелер тек қана жаңадан салынған пәтерлерге беріледі. Екінші бағыты – инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Ол жеке капиталды тұрғын үй құрылысына жол ашады. Біздің есебіміз бойынша жыл сайын сол бағытқа 80 миллиард теңге бөлінеді. Соның ішінде 50 миллиард пәтерлерді салатын үйлерге, екінші 30 миллиард теңге жеке жерде салынатын үйлерге инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге беріледі.
Үкімет отырысында жыл басынан бергі экономикалық көрсеткіштері жарияланды. Осы ретте биыл елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі 7,5 пайызға артқаны айтылды. Әсіресе тұрғын үйлердің жалпы аумағы едәуір ұлғайып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласы көш басында келеді.
Фото: 24.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript