Балық аулауға шыққан Қызылорда облысының тұрғыны мұз астында қалды
Zakon.kz
Демалыс күндері үш балықшы теңізден жылым тартпақшы болған.
Қызылорда облысында мұз үстінде балық аулауға шыққан Арал ауданы Сексеуіл ауылының тұрғыны қаза болды, деп жазады Хабар арнасы.
Демалыс күндері үш балықшы теңізден жылым тартпақшы болған. Мотоциклге мінгескен олар жағалаудан 1200 шақырымға ұзай бергенде көліктерімен бірге мұз астына түседі.
Екеуі өз күштерімен жағалауға жеткенімен, бір адам суға кетіп, қаза болды. 45 жастағы ер азаматты тек бір сағаттан кейін ғана сүңгуірлер тапты. «Өкінішке қарай, алдын алу шаралары жүйелі түрде жүргізілгеніне қарамастан, аймақта осындай оқиғалар азаяр емес»,– дейді құтқарушылар.
Автор: Нұрлан Жақыпбеков
Фото: khabar.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript