Емі жоқ жұқпалы тері ауруы пайда болды
Zakon.kz
Аққұм ауылдық емханасының бас дәрігері Әбілпатта Қаныбеков «лейшманиоздың» алғаш рет 1980 жылдары тіркелгенін айтады. Дер кезінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тері ауруының көзі жойылғандай болады.
Отырар ауданына қарасты Аққұм ауылының тұрғындары жаппай тері ауруына шалдығуда. Жәндіктің шаққанынан пайда болатын жара әсіресе балалармен қарттар арасында жиі тіркелуде. Халық аурухананың табалдырығын тоздырып, түрлі дәрілерді пайдаланғанымен нәтиже жоқ. Жара бес-алты айсыз жазылмайтын көрінеді, деп жазады tvk-uko.kz.
Оның өзінде денеде тыртық қалып қояды екен. Ғылымда «лейшамниоз» деп аталатын бұл індетпен жұрт қалай күресерін білмейді. Аққұм ауылындағы балалардың бірнеше жылдан бері тынышы кеткен. Денеге шыққан жараны ауырсынып, күндіз түні жылаумен болады. Жаны ашыған ата-анасы аурудың емін іздеп дәріханалар жүгірумен әлек. Өкініштісі бұл кеселге ешқандай дәрі әсері етпеуде.
Қалдықыз Қаратаеваның отбасы бірнеше жылдан бері лейшманиозбен күресіп келеді. Үлкендерді әбден әуреге салған індет биыл немерелерінің мазасын алуда. Амалы таусылған зейнеткер 8 жастағы Назеркені алып Шымкенттегі облыстық тері венерологиялық диспансерге барған. Бірақ, ол жерден де ешқандай көмек болмапты. Жергілікті жұрттың айтуынша «лейшманиозды» емдеп жазатын дәрі мүлдем жоқ екен. Ал, тыртықтан арылғысы келгендер шекара асып, қыруар қаржыға ота жасатыпты.
Аққұм ауылдық емханасының бас дәрігері Әбілпатта Қаныбеков «лейшманиоздың» алғаш рет 1980 жылдары тіркелгенін айтады. Дер кезінде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілгеннен кейін тері ауруының көзі жойылғандай болады. Бірақ, 1996 жылы жағдай тағы қайталанған. Ал, дәрігер бұл мәселені шешудің жалғыз ғана жолы бар дейді. Отырар ауданындағы СЭС мамандары бұл жайттан хабардар.
Олар қазір зиянкестердің ошағын анықтап, жоспарын жасап жатыр. Айтуларынша күрес жұмыстарын келер жылдан бастамақ. Аққұм ауылында масаға таланып денесін жара басқан тұрғынды кез келген үйден табуға болады. Ал, мектепке бара қалсаңыз әр сыныптан жараның ізі қалған екі үш оқушыны кезіктіресіз.
Авторы: Нұрсұлтан Тұрысбеков
Фото: simptomy-foto.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript