Қазақстан - Қытай шекарасында жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді
Zakon.kz
Ұсталған азамат Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық сауда орталығынан Қазақстан жаққа қарай келе жатыр екен.
Қазақстан - Қытай шекарасында қазақстандық шекарашылар жарты тоннаға жуық дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды салмағы 490 килограмм болатын, Қытай елінде шығарылған дәрі-дәрмектерді ілестірме құжаттарынсыз алып өтуге тырысқан жерінен 26 жастағы қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды.
Ұсталған азамат Шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық сауда орталығынан Қазақстан жаққа қарай келе жатыр екен. Аталған дерек бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері хабарландырылды.
Фото: norsoft.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript