Көкшетауда 10-нан астам пәтерді тонаған күдікті қолға түсті
Фото: zakon.kz
Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көкшетауда ірі көлемде пәтер тонаумен айналысқан 26 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, аталған қылмыс ағымдағы жылдың мамыр айында болған. Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, белгісіз адам пластикалық терезені бұзып кіріп, жекеменшік үйдегі ақша мен асыл заттарды қолды қылған.
«Зардап шеккен үй иесі материалдық шығын көлемін 5 000 000 теңге деп бағалады. Тергеу амалдары барысында анықталғандай, күдікті екі тұрғын үйдің екінші қабатына баспалдақ арқылы көтеріліп, пластикалық терезені бұзып ішке енген. Күдіктінің ешқандай саусақ іздерін қалдырмағаны қылмысты ізін суытпай ашуға біраз қиындық туғызды. Алайда, ұрлық жасалған күні көршілердің бірі бөтен машинаны байқап қалған. Бұл ақпарат кейін күдіктінің ізіне түсіп, қылмыстың бетін ашуға көмектесті. Жедел іздестру шарасы барысында полиция қызметкерлері 26 жастағы жігітті қолға түсірді», - деп түсіндірді полицейлер.
Қазіргі кезде, күдікті қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, оның үстінен ҚР ҚК 188- бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің түсініктемесі бойынша, ұрланған заттарды Астана қаласындағы ломбардтарға өткізген. Ал қалған бөлігін полицейлер иесіне қайтарған. Қазіргі кезде, полицейлер күдіктінің 10-нан астам пәтер тонау оқиғасына қатысы барын анықтады. Оған қоса, полицейлер оның жалғыз емес, сыбайластарының болуы мүмкін деп отыр.
Автор: Аслан Оспанов
Фото: www.penzainform.ru
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript