Лента новостей
0

Елімізде бірқатар тасжолдардағы көлік қозғалысына шектеу қойылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.12.2016 22:42 Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының -40-қа дейін күрт сууына байланысты дизель отынды, қоғамдық және жүк көліктеріне барлық бағыт бойынша қозғалыс тоқтатылды.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың көрінбеуі) «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 1280-1353 шақырымы барлық көлік түрлеріне жабылды, деп жазады Хабар телеарнасы.

Алматы облысында ауа райының қолайсыздықтарына байланысты (қатты боран, жолдың көрінбеуі) «Үшарал-Достық» тасжолының 83-184 шақырымы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Сондай-ақ Қарағанды облысында Ақмола облысында ауа райының нашарлауынан «Астана-Киевка-Теміртау» тасжолының Ақмола облысынан Киевка ауылына дейінгі 51-104 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақмола облысынан Теміртау қаласына дейінгі 1353-1424 шақырымы, «Жезқазған-Петропавл» тасжолының Ұлытау кентінен Қостанай облысына дейінгі 138-252 шақырымы барлық автокөліктер үшін жабық тұр.

Қостанай облысы ауа райының қолайсыздықтарынан (-30°С температураға дейін төмендеуі, қар) «Мамлютка-Қостанай» автожолының Ұзынқол кентінен Троебратский кентіне дейінгі 180-252 шақырымы, «Екатеринбург-Алматы» автожолының Сарыкөл селосынан СҚО шекарасына дейінгі 686-729 шақырымы дизельді, қоғамдық және жүк көліктері үшін жабылды.

Сондай-ақ ауа температурасының -40 ºС-қа дейін төмендеуіне байланысты бүгін сағат 10:30-да дизель отынды автокөліктер үшін барлық бағытқа жолдар жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының -40-қа дейін күрт сууына байланысты дизель отынды, қоғамдық және жүк көліктеріне барлық бағыт бойынша қозғалыс тоқтатылды.

Фото: khabar.kz


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: