Лента новостей
0

Маңғыстау облысында үсік шалғандар мен аяқ қолы сынғандар ауруханаға сыймай жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.12.2016 21:07 Zakon.kz
Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, алдағы күндері де Маңғыстауда қар жауып, тағы көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында үсік шалғандар мен аяқ қолы сынғандар ауруханаға сыймай жатыр. Көктайғақтан құлағандар саны үш тәулікте 130 адамға жеткен. Он екісінің жағдайы тіпті ауыр. Оларға ота жасалды. Сондай-ақ, аязда үсік шалып, ес-түссіз далада жатқан жерлерінен табылғандар да көп, деп хабарлайды 31 арна.
Ақтауда соңғы үш күнде көктайғақтан көлік қозғалысы қиындады. Қар жауып, арты аяқ алып жүргізбейтін мұзға айналған өңірде ауруханалар науқастарға лық толы. Тек бір тәуліктің өзінде отызға жуық тұрғын түрлі жарақатпен түскен. Қазір ауыр жағдайда түскен науқастардың бірі - 70 жастағы Айкүміс Санатова. Кейуана үйінен шыға берісте тайып құлағанын айтады. Есінен танып қалған тұрғын тек ауруханаға жеткізгенде ғана өз-өзіне келген.
Айкүміс Санатова:

- Ортан жілігімнің ұршығы сынған. Иығым шығып кеткен. Құлғаннан кейін есімді білмеймін келсем ауруханада жатырмын. Операция өтті. Әлі аурады.
Ал, 64 жастағы Николай Бабенко далада қара жұмыс істеп жүрген күні қар аралас жаңбыр жауған. Аяздан көлігі оталмай, суықта бірнеше сағат жүріпті. Оны ауруханаға ағасы әкелген. Үсіктен екі аяғынан айырыла жаздады дейді, - дәрігер.
- Екі аяқтың бәшпайлары қатты үсіп кеткен. Жансызданып қалған. Цветі өзгеріп кеткен. Шұғыл операция жасап, аяқ бәшпәйларын кесіп тастауға тура келді. Басқа амал жоқ. Жарамсыз.. Қазір емін жалғастырып жатырмыз.
Аяздан аяғы үсіп, жансызданып қалған екі адам қазір ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, биылғы қыстың алғашқы айында жарақат бөлімшесіне шағыммен келушілер саны 130-ға жеткен.
Жансерік Шауқымбердиев, МО ауруханасы жарақат бөлімінің меңгерушісі:

- Ауа-райының қолайсыздығынан жарақаттанғандар көп. Көбінесе аяқ-қолдары, тобықтары, ортан жілігі сынған жағдайлар көп кездеседі. Қазір үш адам жан сақтау бөлімінде жатыр.
Ауа райын болжаушы мамандардың айтуынша, алдағы күндері де Маңғыстауда қар жауып, тағы көктайғақ болады.
Жәмила Қибасова, Бейбіт Нұрсейіт

Фото: www.oren.aif.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: