Лента новостей
0

Түркістандағы ескі керуен жолдары қалпына келтіріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 22.12.2016 22:02 Zakon.kz
Жалпы жобаға 7 млрд теңге қажет. Қоғамдық кеңес аталмыш жобаны талқылаудан өткізді.
Түркістан қаласындағы керуен жолдары қайтадан қалпына келтіріледі. Шаһардың тарихи орталығы 2 жоба арқылы регенерацияланады. Сондай-ақ, облыстық әкімдік Қожа Ахмет Яссауи кесенесі маңындағы 22 гектар жерді сатып алуды көздеп отыр. Жобаның құны – 7 млрд теңге. Бұл туралы Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында «Қазқайтажаңғырту» мемлекеттік кәсіпорны ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы директорының міндетін атқарушы Сәдуақас Ағытаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Түркістан қаласының тарихи орталығын регенерациялау 2 жобадан тұрады. 1-жоба – оның қорғау аймағындағы жұмыстар. Ол Түркістан қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша атқарылуда. Бұл жобаның құны – дайындалған смета бойынша 1 млрд 300 млн теңге. Негізінде бұл жоба 1970 жылдары сүріліп тасталған мәдени қабатты қайта қалпына келтіруді көздейді. Түркістандағы көптеген мәдениет ескерткіштерді халық жақсы біледі. Бірақ бірде-бір ескі тұрғын үймен таныс емес. Сондықтан біз 2 мың жылдық тарихы бар Түркістанның үйлері, керуен жолдары қандай болды деген сұраққа жауап беру үшін осы жұмысты қолға алдық. 6-7 үйді қалпына келтіреміз. Бұл қорғау аймағында атқарылатын жұмыстар. Сондай-ақ, ескі керуен жолдары қалпына келтіріледі», - деді ол.

Сәдуақас Ағытаевтың айтуынша, Түркістан қаласындағы жоғалып кеткен ескі керуен жолдары қайтадан қалпына келтіріледі. Осылайша қаланың ескі кварталдары да жаңғыртылмақ. Сондай-ақ, филиал басшысы 2-жоба бойынша қандай жұмыстар атқарылатындығын атап өтті.

«Ал 2-ші жоба ТИКА ұйымының сұранысы бойынша қолға алынуда. Жобаның құны – 5-6 млрд теңге. Ол қорғанның сыртындағы қалаға қатысты жерлер. Ол аймақта тұрғын үйлер мен нысандар бар. Ұсыныс Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан түсті. Жоспар бойынша 22 гектар жерді сатып алғалы отырмыз», - деді ол.

Ал Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова аталмыш жобаға қаржы бюджеттен ғана бөлінбейтіндігін мәлімдеді.

«Жалпы жобаға 7 млрд теңге қажет. Қоғамдық кеңес аталмыш жобаны талқылаудан өткізді. Қаражат мәселесін Ұлттық экономика министрлігі шешеді. Бірақ жоғарыда аталған 7 млрд теңгенің барлығы мемлекет бюджетінен алынбайды. Жобаға қаржы жергілікті бюджеттен, халықаралық демеушілерден және мемлекет бюджетінен алынады», -деді басшы.

Дәурен Ерболат


Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: