Қарағандыда жол талғамайтын көлік жарылып, ағалы-қарындас қайтыс болды
Zakon.kz
Оқиға салдарынан екі көлік жуушы қатты күйік алды.
Қарағандыда 26 қараша күні көлік жуу бекетінде «Toyota Land Cruiser» жол талғамайтын көлігінің жарылуы салдарынан күйік шалған әйел қаза болды. Бір апта бұрын осы оқиғадан ер кісі көз жұмған. Әйел мен ер кісі көлік жуу бекетінде жұмыс жасайтын туыстар болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
26 қараша күні сағат 2:49-да «Орбита» көлік базарының аумағындағы көлік бекеттерінің бірінде өрт болған. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метр аймақты алды. Қарағанды облыстық ТЖД бас инженері Мақсат Абюровтың ақпаратына сүйенсек, «Toyota Land Cruiser» автомобиліне қондырылған газ баллон жабдығының жеделдетіп шығаруында газ-ауа қоспасының тұтануынан» болған.
Оқиға салдарынан екі көлік жуушы қатты күйік алды. Ер кісі мен әйел адам денесінің 60 пайызын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шегушілер Мақажанов атындағы Қарағанды облыстық травматология және ортопедия орталығында ем қабылдады.
«Ер кісі күйік алғандықтан бір апта бұрын көз жұмды. Әйел кісі жоғары деңгейдегі күйік салдарынан бүгін қайтыс болды. Оның денесінің 60%-ы зақымданған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript