Лента новостей
0

Елде электр энергиясы 2-3 теңгеге арзандауы мүмкін

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.12.2016 16:54 Фото: zakon.kz
Қазір жарық, тоқ таратушы 160 ұсақ ұйымды біріктіріп, құзіретті ірі компанияларға беру көзделген.
Елде электр энергиясы 2-3 теңгеге арзандауы мүмкін. Энергетика министрлігі электр тасымалына қосымша қаржы қосатын делдал компаниялардың санын қысқартпақ, деп жазады КТК телеарнасы.
Қазір жарық, тоқ таратушы 160 ұсақ ұйымды біріктіріп, құзіретті ірі компанияларға беру көзделген. Сондай-ақ энергия таратушы ұйымдарда диспетчерлік қызмет, мықты техникалық база болуы тиіс. Күллі кадрды аттестациядан өткізу де міндеттеледі. Ал қараусыз қалған 5 мыңға жуық кабельдерді ұйымдар өз балансына алып түгел жөндеуден өткізу керек. Себебі жиі апат болып, тұрғындар жарықсыз қалатын желілердің дені иесіз жатыр. Болжам бойынша, наурыз айында күшіне енуі тиіс заң электр энергиясының құнын біршама арзандатады.
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика министрлігінің комитет төрағасы:

- Жезқазғанның тұрғыны электр энергиясы үшін 18-20 теңге төлесе, оның 5 теңгесін сол кіші компанияларға тасымал үшін төлейді. Ол кетсе, ірі компанияның тарифі 4 теңге болса, ол екуі қосылып 9 теңге болмайды. Ол 6 теңге болуы мүмкін. Яғни, 2-3 теңгеге арзандайды.

Фото: sputnik.kg
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: