Шыңғысханның мазары табылып қалуы мүмкін
Zakon.kz
Көріпкел үңгір ішінде бірер қарыстық қабырға арқылы қабірдің ағаштан жасалған есігі көрінгенін айтады.
Жақын күндері Шыңғысхан мазары табылып қалуы мүмкін. Он ай бойына Арыс қаласы маңында Шыңғысхан мәйітін қазып жатырмыз деген көріпкел әйел Жанар Алтынбекова, тоғыз ғасыр бұрын жерленген Шыңғысхан мазарының екі бөлмелі ішкі үйіне бар-жоғы 30 сантимерт ғана қалды дейді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Көріпкел үңгір ішінде бірер қарыстық қабырға арқылы қабірдің ағаштан жасалған есігі көрінгенін айтады. Сондай-ақ, Шыңғысханның тастың үстінде жатқан мәйіті, мінген аты, адамның құлашы жетпейтін көлемдегі алып жылан, қабырғаға жазылған 16 саны мен белгісіз тілдегі қашалып жазылған жазулар шыққанын суретке түсіргенін айтады. Сондай-ақ, суреттердегі жарық үңгір астында күн сәулесіндей жарқырап тұр дейді.
Жанар Алтынбекова - ОҚО тұрғыны:
- Үш метрлік тереңдікке түскеннен кейін, оң жақ бетінде бабаның өзі жатыр, сол бет жағында аты жатыр. Ал бұл кісіні қорғап жатқан жыланға адамның құшағы жетпейді.
Фото: Tonykok.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript