Павлодарлық сот қызметкерлері макулатура тапсырып, көпбалалы отбасына көмек көрсетті
Zakon.kz
Макулатураны тапсырған қаражатқа қосымша ақша қосып, мекеме қызметкерлері балаларға киім, азық-түлік және жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, судьялары және мамандары макулатура тапсырып, көпбалалы Серғазиндер отбасына көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж.Серғазина «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері. Жалғызбасты ана сегіз баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Бұдан басқа, үлкен қызы екі бүлдіршінімен де осы үйді паналап жүр. Сот қызметкерлері балалардың сабақ оқитын үстелі, тіпті осы үстелді қоятын жері де жоқ екенін анықтаған.
Сондай-ақ, пәтердегі жылу температурасы мардымсыз. Макулатураны тапсырған қаражатқа қосымша ақша қосып, мекеме қызметкерлері балаларға киім, азық-түлік және жаңа жылдық сыйлықтар алды.
«Сот қызметкерлері осы жанұяны өздерінің қарамағына алды», - деді соттың баспасөз қызметінде. «Енді бұл отбасыға әрдайым көмектесіп отырамыз».
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript