Лента новостей
0

Алматыда магистралды 3 көше ұзартылады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.12.2016 23:33 Zakon.kz
Алтын Орда аумағында Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары мен Алматы метросы, Достық, Сарыарқа бекеттерінің құрылысы жалғасуда.
Алматыда магистралды 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынады. Ал, құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының 12-ші сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарау барысында талқыланды, деп жазады Алматы телеарнасы.

Сонымен қатар, Алтын Орда аумағында Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары мен Алматы метросы, Достық, Сарыарқа бекеттерінің құрылысы жалғасуда. Кеңейтілген отырыста Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көлік жүйесі мен жолды жаңартуға 42,2 миллиард теңге бөлу қарастырылғанын және жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңге қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұл шаралар келер жылы жақсы күйдегі жолдардың үлесін 65 пайызға арттыруға көмектеседі.

«Қаладағы жолдардың үлесін, яғни жақсы күйдегі жолдарды 55 пайыздан 65 пайызға арттыру көзделіп отыр. Бұл алматылықтардың қалада еркін қозғалуына өз үлесін тигізеді деген ойдамыз. Басым бағыты қалаға жаңадан қосылған аумақтардағы көшелерді қалыпқа келтіруге беріледі», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.

Фото: auto-lev.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: