Мәжіліс Мұхтар Тінікеевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы құжатты мақұлдады
Zakon.kz
Депутат М.Б.Тінікеев орын алған жәйт бойынша кешірім сұрап, әріптестері мен сайлаушыларға өтініш хат жолдады.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұхтар Тінікеевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы құжат мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, сондай-ақ 1995 жылғы 16 қазандағы «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3-інші және 8-тармақтарына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев.
Дауыс беру барысында палата депутаттары М. Тінекеевтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы құжатты мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, кеше Депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, онда депутат Мұхтар Тінікеевтің өтініш хаты қаралды. Депутат М.Б.Тінікеев орын алған жәйт бойынша кешірім сұрап, әріптестері мен сайлаушыларға өтініш хат жолдады.
Ол Орталық сайлау комиссиясына депутаттық өкілеттілігінен бас тартатыны туралы ресми өтінім білдіргенін айтқан. Кеңес орын алған барлық мән-жайды қарастырып, аталмыш шешіммен келісті. Депутат М.Тінікеевтің хаты Парламенттің ресми сайтында орналастырылған.
Фото: Qazaquni.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript