Лента новостей
0

Петропавлда көпбалалы ана балаларын сотқа беріп алимент талап етті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.12.2016 18:17 Zakon.kz
Камияның жалғыз қызы Астанада тұрады. Ұлдары Петропавлда. Бес баласы мен немерелерін ол көрмейді. Енді осы жаңа жылды да жалғыз қарсы алмақ.
Петропавлда көпбалалы ана өз балаларынан алимент талап етіп отыр. Ол балаларының бірін сотқа берді. Айтуынша, қайырымсыз балалары оған қарайласпайды, құрметтемейді екен, деп жазады stan.kz.

Камия Мұқашева 73 жаста. Ол суық пәтердің бірінші қабатында жалғыз өзі тұрады. Ол он баланы өмірге әкелген. Олардың бесеуі жастайынан шетінеп кетепті. Тағы бір ұлы бірнеше жыл бұрын өмірден өтті. Қалған төрт баласы өзінің айтуынша оған мүлде қарайласпайды екен.

«Қалайша бұлай болғанын білмеймін. Мен оларды ренжіткен емеспін. Асырап бақтым. Әкесінің тегі берілді. Қызым да ұлдарым секілді қатігез», – дейді көпбалалы ана Камия Мұқашева.

Жалғызбасты әжеге өз баласы емес, бөтен адам көмек қолын созған. Егер алимент өндіріп алса, айына 60 мың теңге алатын зейнетақысы көбейетін еді.

«Тым болмаса айына 10 АЕК көлеміне алимент талап етеміз. Ол 20 мың теңгеден астам. Ешбірі көмектеспейді. Анасын жалғыз тастап кете барған», – дейді заңгер Анатолий Рассказов.

Сот отырысында жақындар бір-біріне қарсы шықты. Ұлы анасын ана деп те атамады. Оның өз реніші бар. Ол анасының бала күнінде өзіне қарамағанын, әкесіне тастап өзінің қонаққа кетіп қалатынын айтады.

«Мен не үшін бұл әйелге алимент төлеуім керек. Ол мені өсірген де жоқ. Өзі жанжал қуғыш адам. Бауырыма да маз бермей, ақыры көз жұмды. Енді менің мазамды алып жүр», – дейді ұлы Марбұлан Мұқашев.

Камияның жалғыз қызы Астанада тұрады. Ұлдары Петропавлда. Бес баласы мен немерелерін ол көрмейді. Енді осы жаңа жылды да жалғыз қарсы алмақ.

Камия Мұрзақызы балаларына ренжулі. Ол алдымен Марбуланнан алимент өндіріп көрмек. Егер нәтижесі болса, басқа балаларының атына да арыз жазады.

Фото: КТК
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: