Шымкенттегі жаңа әкімдік маңындағы көпқабатты жаңа үйлерді жаппай сасық су басып жатыр
Zakon.kz
Билік құрылысы аяқталған жаңа үйлерді мемлекет қабылдап алғанын, ол кезде кәріз құрылғысының істеп тұрғанын айтады.
Шымкенттегі жаңа әкімдік маңындағы көпқабатты жаңа үйлерді жаппай сасық су басып жатыр. Тұрғындар сыртта жүру былай тұрсын, жағымсыз иістен үйдің ішінде отырудың өзі мүмкін емес деп шу шығаруда, деп жазады 31 арна.
Жаңа тоғыз қабатты үйден пәтер алған екінші топтағы мүгедек ана Гүлжамал Бекболаева он бес жылғы сарғая күткен қуанышымыз әп-сәтте күл-талқан болды дейді. Өзі тұратын 72 пәтерлі үйдің сырты мен жертөлесін сасық су басып, сыртқа шығудан қалдық деп отыр. Ал мәселені шешеміз деген биліктен қайран болмай отырғанын айтады.
Гүлжамал Бекболатова - тұрғын:
- Қазір ананың барлығы жүзеді, үлкен дәреттің бәрі. Мына аяғымызбен оны басып өтеміз. Тіршіліктің барлығы осы болып жатыр. Келгенімізге өкініп кеттік.
Тіллә Өмірбекова - зейнеткер:
- Мына подвалымыз тола, ешкім бізді тыңдамайды. Бала-шағамыз бен немереліміз бар. Зорға күн кешіп жатырмыз.
Билік құрылысы аяқталған жаңа үйлерді мемлекет қабылдап алғанын, ол кезде кәріз құрылғысының істеп тұрғанын айтады. Кейін бұзылды деп ақталды. Мердігер компанияның кепілдеме шартына сай жөндеп беруге міндетті деп кінәні өзгеге ысырды. Ал жағымсыз суды әзірге өз тарапымыздан тазалай тұрамыз. Тек тұрғындар жағы құлықсыз деді.
Нұрлан Бектұрсынов, ТҮКШБ басшысының орынбасары:
- Сусорғыш мәшинелерді жібердік. Бірақ кешке таман болғандықтан мүмкіншілік болмады. Полиция бөлімінен де арнайы көлік пен адамдар жіберіп, арнайы құрылғымен дауыстап айтып еді, адамдар сыртқа шықпады.
Биліктің көрсетулерінен құлағдар болған көпқабатты үйлердің тұрғындары су соруға ешқандай көліктің келмегенін айтып отыр. Ал тұрғындар сыртқа шықпады деген өтірік дейді. Айтуларынша, әкімдік мердігерге, мердігер әкімдікке ысырған.
Ерлан Қуандықов, Тілші:
- Кәріз суларын жүргізетін істен шыққан құрылғыны билік мердігер компания келісім-шартқа сәйкес жөндеп береді дейді. Ал тұрғындар болса, мердігер компания бұл құрылғыны жөндеуге асығар емес деп отыр.
Ерлан Қуандықов, Ержан Сейдәзімов
Фото: Shatilov.com
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript