Ақтөбеде жүргізуші мен оның қызын ұрлаған екі ер кісі 9 жылға сотталды
Zakon.kz
Жолда жүргізуші полицияға белгі беретін болса, қызының мойнын үзетіндігін ескерткен.
Ақтөбеде жүргізуші мен оның қызын ұрлаған екі ер кісі 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат, diapazon.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
«Нури Бешли-Оглы мен Рустамжон Юсупов есімді екі дос жол-жөнекей көлік тоқтатып мініп, Мәскеуден Таразға жол тартқан. Ақтөбеге жеткен соң, олар ВАЗ-2115 көлігін тоқтатып, жүргізушіге қоқан-лоққы көрсетіп, Таразға жеткізуге мәжбүрлеген. Көлікте жүргізушінің қызы да болған. Түнгі сағат үштер шамасында екі жігіт - егер олар белгіленген жерге жетпесе, жүргізушінің отбасына қауіп төнетіндігі жөнінде СМС-хабарлама жолдатқызған. Хабарлама қажетті жерге жетпеді», - деп делінген ақпаратта.
Жолда жүргізуші полицияға белгі беретін болса, қызының мойнын үзетіндігін ескерткен. Машинаның жылдамдығын 160 километрге дейін жеткізіп, төртеуінің де апатқа ұшырап, көз жұмуы мүмкін екендігін айтқан. Мұның барлығын жүргізуші мен оның қызы тергеу барысында мәлімдеген.
Кейіннен «Приораның» жанармайы біткен. Қаскүнемдер ары қарай басқа көлікпен кеткен. Олардың тұтқындары босатылғасын жүк көлігінің жүргізушісінен көмек сұраған, ал ол полицияға хабарлады. Соңында екі ұрлықшыны ұстады.
Рустамжон Юсупов Қырғызстанда, ал Бешли-Оглы Таразда тұрады. Сотта екеуі де жүргізушіні ұрмағандығын, ештеңеге мәжбүрлемегендерін мәлімдеген. Сот 24 жасар Нури Бешли-Оглыны және 23 жасар Рустамжон Юсуповты 9 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне әлі енбеді.
Фото: inform.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript