Лента новостей
0

Астанада тәулік ішінде тұмауға байланысты 12 бала ауруханаға түсті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.01.2017 16:33 Zakon.kz
«Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне 03.01.2017 күні 3372 адам хабарласты.
Астанада ЖРВИ салдарынан қалалық жедел медициналық жәрдемге 600 адам хабарласты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Қалалық жедел медициналық жәрдем қызметіне 03.01.2017 күні 3372 адам хабарласты. Оның 608-і - ЖРВИ бойынша. Олардың ішінде 109-ы - 1 жасқа дейінгі балалар, 12 бала - ауруханаға жатқызылды. 18 жасқа дейін - 336, ауруханаға 15-і жатқызылды.

Ересек азаматтар - 163, ауруханаға - 11 адам жеткізілді», - делінген басқарманың баспасөз қызметі берген хабарламасында. 2 қаңтарда қалалық жедел медициналық жәрдемге хабарласқандар саны 3201 болды.

Олардың ішінде ЖРВИ-ге байланысты - 665. 1 жасқа дейінгі балалар - 126, ауруханаға 9 жеткізілді. 18 жасқа дейін - 369, ауруханаға 6 адам жатқызылды. Ересектер - 170, ауруханаға 14 адам жеткізілді. «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі мен қабылдау бөлімшелерінің қауырт жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды және қала емханаларында кезекші дәрігерлер 8:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін, жедел жәрдемді шақырту үшін кешкі уақытты күтпей, азаматтарға тұрғылықты жерлері бойынша хабарласуға болатынын еске салады», - дейді басқармадан.

Бұның алдында хабарланғанындай, Астанада Жаңа жыл алдында халық арасында ЖРВИ аурулары өршіген болатын.

Фото: aktobetimes.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: