Лента новостей
0

БҚО-да 10-сынып оқушысы қар күреп жүріп асылып қалған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.01.2017 18:49 Zakon.kz
Ер баланың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.
БҚО-да 10-сынып оқушысы қар күреп жүріп асылып қалған. Оқиға екінші қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылында болды, деп жазады stan.kz, “Мой город” порталы.

Ер баланың өз-өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі анықталған жоқ.

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Тілек Ғабудшевтің айтуынша, сол күні оқушы аулада қар күреп жүреді, кейіннен әпкесі оны асылып қалған күйінде тауып алған.

“Ата-анасы үйде болмапты. Қонаққа кеткен екен. Бала үйде үлкен әпкесімен бірге қалады. Қар күреу үшін аулаға шығыпты, кешке қарай әпкесі терезеден қараса, бауыры асылып қалған екен. Ол бірден ата-анасына хабарласады, содан кейін бөлімше инспекторына хабар береді”, — деп түсіндірді әкімнің орынбасары Тілек Ғабдушев.

Оның сөзіне сүйенсек, бала ауқатты отбасынан шыққан. Әкесі полицияда істейді. Ер бала сабақты жақсы оқиды, екінші қаңтарда Мәдениет үйінде дайындықта болған. Өз-өзіне қол жұмсаған оныншы сынып оқушысы ешкіммен ренжіспеген көрінеді.

Фото: 360tv.ru
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: