ОҚО-да 415 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді
Zakon.kz
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 184,6 мың тонна ет, 663,6 мың тонна сүт, 278,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 415,8 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артық. Оның ішінде егін шаруашылығы 232,1 млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 182,7 млрд. теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz.
Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 184,6 мың тонна ет, 663,6 мың тонна сүт, 278,1 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ал облыс диқандары 260 мың гектарға дәнді дақылдар, 80,8 мың га майлы дақылдар, 40,4 мың га көкөніс ексе, 59 мың гектарға бақша, 15,3 мың га картоп, 109,6 мың га мақта және 30 мың га жерге жеміс-жидек пен жүзім екті. Нәтижесінде аграрлы аймақтың шаруалары осы жылы гектарына орташа түсімділігі 26 центнер болатын 676 мың тонна дәнді дақыл жинады. Сонымен қатар, 963 тн. көкөніс, 1413 тн. бақша, 277 мың тн. картоп, 281 мың тн. мақта, 125,8 мың тн. жеміс-жидек пен 64,2 мың тн. жүзім өнімін алды.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тамшылатып суғару әдісі қосымша 6,9 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 51 мың гектарға, ал жылыжайлар қосымша 96 га салынып, жалпы 1121 га. жетті. Яғни еліміз бойынша жылыжайлардың 87% оңтүстік үлесінде. Осы жылыжайлардан 160 мың тонна көкөніс өнімдері жиналып отыр.
Фото: Baq.kz
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript