Лента новостей
0

Биылдан бастап ҰБТ-ның форматы өзгереді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.01.2017 20:40 Zakon.kz
Оқушы берілген 120 тапсырманың жауабын 3 жарым сағатта табуы тиіс.
Биылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгерді. Бұдан былай барлық түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға міндеттелмейді. Тек жоғары оқу орнына түскісі келетіндер ғана сынақ тапсырады. Ал колледжге түсетін оқушы мектепте емтихан тапсырып, аттестат алады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Дегенмен колледж студентінің де кешенді тесттен сүрінбей өтіп, университетке түсуге мүмкіндігі бар. Жалпы, биыл ҰБТ екі кезеңнен тұрады. Түлектер 3 міндетті және мамандығына сәйкес екі таңдау пәні бойынша сынақ тапсырады. Оқушы берілген 120 тапсырманың жауабын 3 жарым сағатта табуы тиіс.

Марат Мамраимов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының басқарма жетекшісі:

- Бірінші блокта үш пән. Әр пәннен 20 сұрақтан беріледі. 5 жауап нұсқасы, бір дұрыс жауап болады. Сәйкесінше 1 балдан беріледі. Бейіндік пәндерден 30 сұрақ болады. Оның алғашқы 20-сында 5 дұрыс жауап нұсқасы болады. 20 сұрақтың әр сұрақтың 5 жауабынан 1 ғана дұрыс жауап болады. Ол – 1 балл. Қалған 10-ында 8 жауап нұсқасы беріледі. Оның бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасы болады.

Фото: 24.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: